помогите найти стих про казахский язык на казахском языке
Answers & Comments
саба18
Қазақ тілі – қазақтың ана тілі, Бірақ оған адам аз бас иетін. Қазақ тілі – қазақтың дара тілі, Кейбіреулер түсінбес қасиетін. Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды, Орыс тілі сіңген ғой санамызға. Неге олар «тілім» деп қуынбайды, Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба?
1 votes Thanks 2
DinaIdrisova1
Күш кемiдi, айбынды ту құлады, Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады. Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде Қан суынған, жүрек солғын соғады. Қыран құсты қос қанаты қырқылды, Күндей күштi күркiреген ел тынды. Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ, Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды! Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, — Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың... Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың! Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм, Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм, Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!
Answers & Comments
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды, Орыс тілі сіңген ғой санамызға.
Неге олар «тілім» деп қуынбайды, Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба?