Помогите ответить на вопросы по тексту очеень нужно срочноБайлық пен ақыл. Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып: -Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімніңақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады. Әрқайсың маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер, -депті. Сонда үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп: -Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды, -депті. Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де: -Міне осы түрімді көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, -депті.Үшінші ұлы күміспен және тастармен әшекейлеген белдігін буынады да: -Мұндай белдікті ешкім ешқашан буынып көрген жоқ,-дейді. Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да, кіші ұлына: -Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? –дейді. Сонда кенжесі: -Менің асыл тасты жүзігім де, сәнді киімім де, қымбат тастармен әшекейленген белдігім де жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат, жігерге толы жүрегім ғана бар, -депті. Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері етіп кіші ұлын белгілепті. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.
Вопросы на фото
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.