Помогите пожалуйста очень надо перевести текст с казахского на русский язык. Не через переводчик. Менің атама қатты ұқсағым келеді. Атамды жан-тәніммен жақсыкөремінАтаммаған: "Балам, бойыңның өскеніне емес, ақыл-ойыңның өскеніне қуан", - деп жиі айтады. Ол кісінің жасы 70-те болса да, таңертең жүгіреді, темекі шекпейді, үнемі қозғалыста, еті тірі кісі. 
Атам үйде қарап отыра алмайды. Ол кісінің сүйікті ісі бар, ол - мүсін, жасау. Атам әртүрлі мүсіндерді кәдімгі ағаштың бұтақтарынан жасайды. 
Мен атамның қасынан шықпаймын. Кейде екеуміз тауға кетіп қаламыз. Сонда бұтақтарды жинап, қапқа салып, үйге әкелеміз. "Сендей көмекшім болмаса не істер едім?" - деп мені мақтап қояды. Мен де мүсіндейге қызыға бастадым. Атам: "Табиғатты сүю керек, онда құдірет те, сұлулық та бар. Табиғатпен дос болған адам дарынды болады", - деп отырады. 
Шынында, атама көмектесу үшін сол кісінің қасында жүріп табиғатты түсіне бастаған сияқтымын. Жүрген жерімде ерекше нәрселерді іздеп, байқап жүремін. Атама көмекші боламын деп қолымнан іс келетін шебер балаға айналдым.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.