Помогите пожалуйста перевести текст с казахского языка на русский.Сүйкімді достарым.Менің атым - Дарқан. Мен үш жануарларын өте жақсы көремін. Маған ата-анам үйде көжектерді ұстауға рұқсат берді. Көжектерге шөп, жемін өзім беремін. Су құйып тұрамын. Астарын тазалаймын. Анаммен келісім солай болған, егер мен оларды жақсы бағып-күтсем, менің көжектерім біздің үйде тұра береді. Көжектерді торда ұстаймын, себебі олар жердің астын қазып, басқа жаққа кетіп қалуы мүмкін. 
Әсіресе маған көжектерді сыртынан бақылаған ұнайды, сондай қызық. Таңғаласын, сәбіз берсең, екі алдыңғы аяғымен ұстап тұрып, тез-тез жеп қояды. Суды да тез ішеді. Олар өте сүйкімді. 
Менің күшігім де бар. Әкем туған күніме сыйлаған. Оның аты - Ақтабан. Олай атауымның себебі, ол өзі қап-қара, ал аяқтарының ұшы мен табандары аппақ. Сондай тынымсыз, ойнағанды, секіріп, жүгіргенді жақсы көреді. Құйрығы қыпқысқа, құлағы ұзындау, көзі доп-домалақ. Ақтабан берген бұйрықтарды түсінеді - "отыр" десең, отырады, "аяғыңды бер" десең, береді, таяқты алыска лақтырып, "алып кел" десең, алып келеді. Менің қасымнан кетпейді, құйрығын бұлғаңдатып, үнемі аяғыма оралып жүреді. Мен оны өте жақсы көремін. Осындай сүйкімді достарымды мектептен келгенше сағынамын.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.