Помогите пожалуйста.1 Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »
2 Екінші сөйлем «Себебі, мен оны .....деп түсінемін »
3 Үшінші сөйлем «Оны мен..... деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей
аламын »
4 Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен...... деген шешімге
келдім ... » Текст. Спорт – денсаулық кепілі. Ал мықты денсаулық – адамның еңбекке, қоғамдық іс-әрекетке белсенді қатысуының кепілі. Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерте кезден көңіл бөлген. Баланың ақыл-ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына айрықша мән берген. Халқымыздың спорттық ойындары осының бірден-бір дәлелі.Ежелден садақ тарту, бәйге, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерімен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерімен айналысу арқылы өздерінің рухани байлықтарын жетілдіріп отырған. Халық өзіне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлері мен , әр түрлі дене жаттығуларымен айналасқан. Әр өңірдің,әр аймақтың өз мергені, өз сәйгүлігі болған. Атқа мініп, асық атып, бәйгеге шауып, теңге іліп өскен жас шымыр, епті де икемді болып өседі. Дене шынықтыру мен спорт мәселесі қай елдің болсын, негізгі стратегиялық бағыты саналады.Өйткені болашақты ойламай, келешекте қуатты мемлекетке айналу мүмкін емес. Спорт дегеніміз – адамдардың денсаулығы,еңбекке дайындағы.Сонымен бірге спорт жасөспірімдерді әскери қызметке даярлауға ,тәртіпке,ерлік пен батырлыққа тәрбиелеуге көмектеседі. Балалар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыту ісі бірінші кезекте тұрған мәселе. Осыған орай мектептерде, жоғары оқу орындарында көптеген спорттық секциялар, үйірмелер жұмыс істеуде. Жылдан жылға спорт базалары көбейіп келеді. Ұлттық спорт түрлері де жақсы жолға қойылған. Атап айтсақ, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, аударыспақ, бәйге, көкпар, қыз қуу, асық ату, бестас сияқты спорт түрлерінен арнайы федерациялар құрылған. Ресми жарыстар өткізіліп тұрады.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.