Помогите с переводом прошуууууууууууууууууу с казахского на русский, заранее огромное спасибо очень выручите
Қырғауыл — ерекше құс. Оның көп мінезі ғылымда белгілі. Жетісу қырғауылдары өзге жерлердің қырғауылдарындай топ болып өмір сүреді. Олар үйірлерге жиналады. Керек мәлімет терді бір-біріне әртүрлі тәсілдермен бере алады. Мысалы, дауыс арқылы, мінез арқылы, қауырсындары арқылы, т.б. Адамдар баяғыдан қүс тілін түсінуге тырысып келеді. Құстар тілін түсіну олар туралы көбірек білуге мүмкіндік береді. Табиғаттың кейбір құбылыстарын олар адамнан да сергектікпен аңғарады. Қырғауылдар үшін табиғат — өз үйі. Олар табиғатқа бейімделген.Қырғауылдар қырағы естуімен аман жүреді. Қалың бүталарда, тоғайда көп нәрсе көрінбейді, сондықтан сыб дырды ажырата білудің маңызы зор. Қырғауылдар болмашы дыбысты да жіті ажыратады. Олар сыбдырдан, бұтаның сықырынан, аяқ дыбысынан ұсақ құстың, жабайы ешкінің, жайылып жүрген аңдардың, адамның, жыртқыштардың алыс-жақынын ажырата алады.Қырғауылдар жер бетіндегі болмашы тербелісті де аңғара алады, ал адам оны сезінбейді де. Алайда қырғауылдар қауіпқатерді тым көбірек білуге тырысады, бүл көбінесе олардың өздерін ұстап береді.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.