помогите составить план текста
1.кіріспе
2.негізгі бөлім
3.қорытынды
…Биылғы жазғы демалыстың қалай өткенін Мұрат сезбей қалған сияқты. Бірсыпыра жолдастарымен бірге пионер лагеріне жіберілген еді.
…Лагерьде Мұрат бір ай болып, әр жағынан жетіліп, іштей де, сырттай да жаңғырып қайтты. Ойы сергіп, бойы өскендей болды.
…Мұрат лагерьден қайтып келген күннің ертесіне терезенің тұсында бірдеме тасырлаған соң Ұлжан сыртқа қараса, баласы жүгіріп бара жатқан адамға ұқсап, бір орында безек қағып тұр екен.
- Әкем-ау, бұнысы - несі? - деп таңданды Ұлжан.
Бір кезде Мұрат жүгіргенін қойды да қолын жоғары созып, онан соң қайта төмен түсіріп, осылайша бірнеше рет қайталады. Бұнымен де тынған жоқ. Бір кезде екі бүйірін таянып, біресе отырып, біресе тұрды.
- Мұратжан-ау, бұның - не, лагерьден осыны үйреніп қайттың ба?- деді Ұлжан шешей.
- Зарядка жасап жатырмын. - Ол - не дегенің?
-Лагерьде бізге күнде ертемен зарядка жасататын. «Үйде де жасап тұрыңдар», - деген. Апа, бұның пайдасы зор. Атам екеуіңнің жасауларыңа да болады.
...Жеңіл атлетикадан болатын аудандық жарысқа бұл мектептен он адам қатыспақшы.
Мұрат солардың құрамында. Ол қазір жүз метр жүгіруге жаттығып жүр. …Мектеп оқушыларының жеңіл атлетикадан болған аудандық жарысында Николай Трофимович бастап барған «Қызыл шекара» жеті жылдық мектебінің коллективі бірінші орынға ие болды. Мұраттың да қажырлы түрде жаттығуы жемісін көрсетті, ол жүз метрге жүгіруден аудан бойынша екінші орынға ие болды…
- Сенің боксер болғың келе ме? - деп сұрады Николай Трофимович кенеттен. Мұрат үндемей тұрып қалды.
-Жарайды, сен гимнастика емес, бокс секциясына қатынас. Жүре-бара көрерсің, - деді Николай Трофимович. - Жақында мен бокс секциясын ұйымдастырамын. Сенен жақсы боксер шығуы мүмкін.
Мұрат боксқа зор ынтамен қатынасып жүрді. Үйде де ертелі-кеш көлеңкесімен соғысып жатады, жіптен секіреді, ақсаңдайды, әйтеуір неше түрлі жаттығулар жасайды.