Пожалуйста? переведите текст! Срочно надо!!
Сабақтан соң мұғалім Бізге тәрбие сағатын өткізді. Тақтада «Адамгершілік» деген сөз жазулы тұр. Мұғалім:
- Балалар, бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек. Оның бастысы – адамгершілік, - дей бергенде, сұрақ қойғыш Нұрлыбек:
- Апай, сонда адамгершілік деген қандай қасиет? - деп мұғалімнің сөзін бөлді. Апай салмақтылықпен сөзін жалғады:
- Ата-ана алдында шыншыл болу, өзіңнен үлкеннің ақыл-кеңесін тыңдау, кішіге мейірімді, досыңа қайырымды болу. Міне, адамгершілік. Балалар, адам бойындағы қандай жақсы, жаман қасиеттерді білесіңдер? Қане, қол көтеріп, тақтаға шығып жазайық.
Мұғалім тақтаға мынадай сызба сызды. Біз өз білетіндерімізді жаза бастадық
пожалуста переведите срочно!!!!!
Answers & Comments