Жайық – Еуропа мен Азияны бөліп тұрған Орал тауы секілді қос құрлықтың ортасында орналасқан өзен. Атырау қаласы арқылы өтіп, Каспий теңізіне құятын өзеннің жалпы ұзындығы – 2428 шақырым болса, 1084 километрі Қазақстан аймағында орналасқан. Жайық өзені туралы деректер грек, рим жылнамаларында Дайкс, Ликос, ал орыс жазбаларында 1775 жылға дейін Яик атауымен берілген. Қазір Орал өзені деп аталып жүр. Халык ауыз әдебиетінде Еділ - Жайық деген атпен белгілі. Ол аңшылардың атына байланысты қойылған деседі. Жалпы алғанда, «жайылып ағатын өзен» мағынасын білдіреді. Өзенмен кеме қатынасы жүріп, егінді жерлерді сумен қамтамасыз етеді. Ең үлкен байлығы - дүние жүзіне белгілі Каспий теңізінің оңтүстігін мекендейтін бекіре балығының уылдырық шашатын аймағы.
Тарихи деректерге сүйенсек, Ақ Жайықтың мөлдір суымен Александр Македонский шөлін қандырса, өзеннің құмды аймағынан шығып жатқан қара майды көріп адамзаттың бірінші ұстазы Аристотель таңқалған.
Ал соңғы жылдары атыраулық экологтар Жайықтың суы жыл өткен сайын азайып әрі ластанып барады деп дабыл қағуда. Бұған облыстағы аса маңызды су көзін бейберекет пайдалану мен оны тазалауға қажетті қаржының жоқтығы себеп болып отыр дейді олар.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Жайық өзені туралы.