Әлемде шайды жақсы көрмейтін жерді табу қиынға соғар. Шай – жер бетінде судан кейінгі екінші орындағы сусын.
Шайдың отаны – оңтүстік батыс Қытай мен оған көршілес жатқан Бирма аудандары мен солтүстік Вьетнамның солтүстік бөлігі.
Бүгінгі таңда шайды әлемнің түкпір түкпірінде түрлі дайындау әдістері мен сұрыптарына қарамастан, шайды барлық жерде жақсы көреді. Бұл сусынның бірнеше ғасырлық тарихы бар. Шайды ХІХ ғасырдың ортасына дейін дүниежүзіне Қытай өзі ғана сатып келді. Қытайлықтар шай өндіру сырын жібек, фарфор, дә𳬬 өндіру құпиясын жасырғандай, керемет ұқыптылықпен басқа халықтардан жасырып келді.
Шай туралы алғашқы деректер ежелгі дәуірден бастау алады. Жабайы шай қалай табылғандығы туралы Қытай, Үндістан, Жапония аңыздарында айтылған. Олардың бірінің айтуынша, жер мен көк жаратылған кезде шай да пайда болған, шайдың пайда болуы ол Күн патшасы Янь - ди есімімен байланысты. Басқа аңыздар бойынша, бірде Оңтүстік Қытай императоры Чен Нунг (б.з.д. III мыңжылдық) байқаусызда қайнаған суға түскен жапырақтардан пайда болған сусыннан дәм татыпты. Сусын соншалықты хош иісті және дәмді болып шыққандықтан император осы жапырақтарды жинап, оларды сақтауға бұйырып, оны бүкіл елде қолдануға жарлық шығарыпты.
Бүгінде шай әр түрлі әдістермен дайындалады. Біздің үйде анамыз шәйнекті қайнатып, ақманды қайнаған сумен бір шайып жіберіп, 2-3 қасық шай салып, үстінен ыстық қайнаған су құяды да, пешті баяу қосып, 2-3 минут бұқтырып алады. Әркімнің қалауы бойынша сүт немесе лимон қосып құйып береді.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Шай туралы.