Сұраққа толық жауап жазыңыз. Ауыл адамдары қандай?
ЖАЗЫЛЫМ
Берілген үш тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда реттік, жинақтық сан есімдерді, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.
1. Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі
Жазғы демалыс кезінде ауылдағы туыстарыңыз қалаға қыдырып келді. Қонақтармен қаланы аралауға шықтыңыз. Қай жерлерге апарасыз? Неге? Қала өмірінің ерекшелігін және барған жерлеріңіз туралы сипаттап жазыңыз.
2. Отан отбасынан басталады
Әр адамның өз отбасы бар. Сол отбасында туысқандар, бауырлар өмір сүреді. Сіздің де отбасыңыз бар. Барлығы сізді жақсы көреді, сіз де оларды жақсы көресіз. Отбасыңыздың бір мүшесін сипаттап жазыңыз.
3. Таулар сыры
Біздің еліміз жазық жерде орналасқан. Тек кейбір облыстарда ғана таулар бар. Егер еліміз тек таулы жерде орналасса, қандай мүмкіндіктер мен ерекшеліктер болар еді? Өз ойыңызды жазыңыз.
помогите пожалуйста срочно!!!
Answers & Comments
Отан отбасынан басталады
Отбасы-ең жақын адамдарыңнан құралған жанұяң.Отбасыға жететін еш нәрсе жоқ.Әр адамға отбасы деген ұғым әртүрлі.Ал мен үшін отбасым осы дүниедегі ең жақындарым,әрі баға жетпес асыл қазынам.Әр адамның өз отбасысы болады және сол адам өз отбасын жақсы көріп,қадір тұтуы керек деп ойлаймын.Сонымен қатар,әр отбасының ережелері,әдет-ғұрыптары болады.Мәселен,менің отбасымда үлкенді сыйлау,бір-бірін құрметтеу сияқты ережелер бар.Ал өз отбасымдағы бір адамды сипаттайтын болсам,ол менің сіңлім.Мен өз сіңлімді өте қатты жақсы көремін.Мен сііліммен өте татумын.Біз бос уақытымызда көптеген қызықты ойындар ойнаймыз,уақытымызды пайдалы жұмсаймыз.Менің сіңлім-өте тәртіпті,ақылды,парасатты,инабатты бастысы қамқор әрі мейірімді.Мен оны өте қатты жақсы көремін!