Сұрақтарға жауап бер (ответь на вопросы) Вместо выделенных слов вставь нужные слова.


Қазақ жері *қандай*?

Қазақстан шегарасының ұзынды *қанша* километр?

Осындай алып жер *неге* бай?

Күміс пен мырыш бойынша *нешінші* орын алады?

Мұнай құбыры *неше* шақырымға созылған?

Қазақ жері неткен көркем, неткен бай! Елі алып, жері ұлан-ғайыр Қазақстанның картасын қараңдаршы: оның алып, ұлан-ғайыр екеніне көз жеткізесің. Қазақстан аумағы 2724,9 мың шаршы километрге тең, Қазақстан шекарасының ұзындығы – 15000 километр Тіпті Қазақ жерінің шығысынан батысына қарай Күн үш сағат өтеді екен. Осындай алып жерге шикізат пен қазба байлықтарды қос! Қазақстан шикізат, қазба байлығы жағынан дүниежүзіндегі 186 елдің ішіндегі ең бай он елдің қатарына кіреді қазба байлықтар қорынан мынадай орын алады: қорғасын, вольфрам қоры бойынша 1-орын, күміс пен мырыш қоры бойынша 2-орын, марганец қоры бойынша 3-орын, мыс қоры бойынша 4-орын, уран қоры бойынша 5-орын, алтын қоры бойынша 6-орын, темір кені бойынша 7-орын, жанғыш көмір, газ қоры бойынша 9-орын, мұнай қоры бойынша 13-орын. Бұл –ғаламат байлық.
Орталық Қазақстанда көмір, жез, қорғасын, мырыш, құмтас өндіріледі. Мұнда көмір қоры 200 миллиард тоннадан асады екен. Солтүстікте алтын, темір; шығыста қорғасын, мырыш; оңтүстікте қорғасын; оңтүстік, шығыс, солтүстікте мәрмәр кенорындары бар.
Батыста, Каспий жағасындағы құрлықта 2,2 миллиард тонна, су астында 45 миллиард тонна мұнай жатыр. Аралдың айналасында 350 миллион тонна мұнай бар. Мұнай құбыры 10715 шақырымға созылған. Міне, Қазақ даласы осындай!
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.