Срочно!!! перевидите без переводчика пожалуйста на русский язык! заранее благодарна)

Мектептердің бәрінде де кітапхана бар. Кітапхананың әрбір адамның өмірінде алатын орны ерекше. Шынын айтқанда, біз оқығымыз келген қызық кітаптардың бәрін сатып ала алмаймыз ғой. Кейбір кітаптар сатылымда болмайды. Ал кітапты жақсы көретін, көп білгісі келген адам кітапханаға барады.
Ежелгі кітартар саздан жасалған тақтайшалар мен папирустарға жазылған.Одан беріде кітапханаларда қағазқолжазбалар жинақталған.Бүгінгі кітапханалардың қоры сол қолжазбалардан,кітаптардан,аудиоматериалдардан,дискеттер, CD-ROM-дардан тұрады.Сонымен қатар қазіргі кітапханалар телекоммуникация желілеріне қосылған,сол арқылы басқа да кітапханалардың қорын пайдалануға болады.
Мен көбіне сенбіде кітапханаға барамын. Маған ұнайтыны- тарихи кітаптар. Кітаптарды орыс тілінде де, қазақша да оқимын.

Мектептегі кітапхананың бай болғаны жақсы.Кейде мен іздеген кітап болмаса,апай маған оны іздеп, компьютерден қарап,қайда бар екенін айтады.Кейінгі кезде көшбасшылық туралы жазылған кітаптарды оқуды бастадым.Кітаптан көп нәрсе аласың,ол сені тәрбиелейді.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.