Срочно! Составьте пожалуйста 4 вопроса по тексту на каз. языке.
2. Ұлыстың ұлыс күні.
Шығыс елдерiнде жыл басы наурыз айынан басталады. Бұл – күн мен түннiң теңелген күнi. Бұл күн баяғыдан бері қазақтың жыл басы қып ұстап келе жатқан күнi. Наурыз күнi – қазақ халқы наурыз көже, наурыздама беретiн күн.
Бiрақ жыл басын наурыздан бастап санар жалғыз қазақтарда ғана, өзбектерде ғана емес, жержүзiлiк халықтың бәрiнде де бар десек бекер болмас.Наурызда күн мен түн теңеледi де, жылынады. Күздiгүнi суықтың ызғарынан өлiп қалған табиғат аспаннан құйылған жылудың әсерiмен қайтадан тiрiледi. Қар еридi, көл бұзылады, өзен, сай тасиды. Көк шығады.Қазақ халқы – мал баққан шаруа халық. Қазақтың мал бағу шаруасы табиғаттың түрлi өзгерiс қалпына байланысты.Наурыз айында қазақтың малы төлдейдi. Бiр малы шаруаның екеу болып, кiрiс кiретiн ай. Сол үшiн қазақта наурыздың қадiрi тағы да артығырақ.«Наурыз» сөзi – парсы сөзi: «нау» - жаңа, «руз» - жыл деген сөзден алынған.
Answers & Comments
Қай күні қазақ халқы наурыз қөже,наурыздама береді?
Ненің əсерінен өліп қалған табиғат аспаннан құйылған жылудың əсерінен қайта тіріледі?
Қазақтың мал бағу шаруасы неге байланысты?