Машанов Ақжан Жақсыбекұлы (1906-1997) – тау-кен инженері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының алғашқы құрылтайшыларының бірі және корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстанда геомеханиканың негізін салушы, жазушы. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірген. КСРО Ғылым академиясының Қазақстан бөлімшесінде, Геология ғылымдары институтында, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында, Қазақ политехникалық институтында ғылыми-зерттеу және педагогикалық жұмыстармен айналысты. Негізгі ғылыми бағыты геомеханиканың құрылымы ? кристалдық заңдылықтарды зерттеуге арналған. Ол геометрия, оптика, механика, химия, геохимия, кристалдық химия, география, геология, технология тәрізді пәндердің сабақтастығын анықтау кезінде біртұтас геомеханика заңдылығын ашып, қағидасын тұжырымдады. Сөйтіп, өз алдына дербес ғылым саласының ортақ өзегін іздеу барысында Эйлер теориясын жаңғыртатын жаңалық жасады. Ғалым тау-кен өндірісінде геомеханика заңдарын іс жүзінде қолдана отырып, бір-біріне қарама-қарсы екі мәселені шешуді мақсат етті: 1) тау жыныстарының кернеулі-деформация күйінің теориялық негізін анықтау; 2) тау-кен жұмыстары кезінде күрделі кен қазбаларының, жер бетінің орнықтылығын және жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасау. Осы мәселелерді біріктіре шешу ? тау жыныстарының жер қойнауындағы жай-күйін, құрылымдық ерекшеліктерін және беріктілік қасиеттерін зерттеуге негізделген. Жер астындағы кеннің геологиялық құрылымын анықтау үшін алғаш рет жер қойнауының геометриясы әдісін қолдана отырып, Ақбастау ? Құсмұрын кен өрісін ашты. Қазақстанда геомеханика мектебін құруға және соғыс жылдарында Лениногор, Зырьян, Торғай, Жезқазған, Қаратау кен орындарын ашуға қатысты. Машанов геология, тау-кен ісі, маркшейдерия ғылымдарының мемлекеттік тілде дамуына ерекше көңіл бөліп, қазақ тілінде оқулықтар мен сөздіктер шығарды. Жаратылыстану ғылымдарындағы ұлттық құндылықтарды сабақтастыра отырып, гуманитарлық мазмұн-сипатта дамытуда көп іс атқарды.
Әл-Фараби дүниенің білім және ой тарихынан құрметпен орын алған ұлы түрік ғалымы, ойшылы. Физика, химия, медицина, математика ғылымдарында және философияда жеткен нәтижелерімен Еуропа мәдениетінде үлес қосқан, кітаптары XVIII ғасырдың соңына дейін Еуропа университеттерінде оқылған түрік дарыны. Шын аты –Махмұт. Фараби Түркістанда, Фараб (Отырар) қаласында 870 жылы дүниеге келді. Әкесі қорған басшысы Махмұт Тұрпан. Батыстың білім әлемінде оны әлФарабиус атымен таниды. Фараби оқып –жазуды туған қаласында үйреніп, заманының ең атақты ғұламаларынан сабақ алды. Тәлімін кеңейту үшін әуелі Иранға, кейін Бағдатқа кетті. Фараби Бағдадта болған кезінде кілең атақты кісілерден дәріс алған және өзі де сабақ оқытқан. Әсіресе логика және грамматика пәндері мен араб тілін меңгеруді осы қалада жалғастырды.
Өзі діншіл адам еді. Исламның ақылға негізделген дін екеніне сенетін. Ол парсы, араб, латын және грек тілдерін үйренді. Әсіресе грек ойшылдары Аристотель мен Платон пікірлерінің синтезін жасауға және Сократ философиясының негізін жарыққа шығаруға көп еңбек етті. Сондықтан да өзін «Хаджеисани», яғни «Екінші ұстаз» деп аталады. 941 жылы Алеппоға келді. Ол жылдары Алеппо Сейфуддевле Әлидің қол астында еді. Бұл түрік әкімі түрік оқымыстысы Фарабиге үлкен сыйқұрмет көрсетіп, оны сарайына алды. Кейбір деректер Фарабидің өзіне ұсынылған шенді алмай, күндіз көкөніс өсіріп, түнде шам жарығымен философиялық ойлар жазумен айналысқандығын көрсетеді.
Answers & Comments