«Ауру - астан» демекші, кез келген тағамды тұтыну біздің организміміз үшін қауіпті болуы мүмкін. Дененің толысуына әкеліп соған көмірқышқыл газы, калориясы көп тамақтар ағзамызға зиянды. Ересек біздің ас ішуімізден артымыздағы ұрпақ та үлгі алады. Сондықтан өз ағзамызды құрдымға жіберсек те, өзгені сәбиіңді ойлағаның дұрыс. Себебі, ол сенің ұрпағың. Сәбидің дұрыс тамақтануы жөнінде не білеміз? Бала қалай тамақтануы керек осы сауалдарға жауап іздеп көрелік…
Ата-ананың көз қуанышы – оның баласы. Баласын ержеткізіп, сапалы білім мен өнегелі тәрбие беру – әрбір ана мен әкенің мақсаты. Осы мақсаттарды іске асыруда бала денсаулығының жағдайы аса үлкен рөл атқарады. Өйткені дені сау бала – елдің ертеңі. Алайда көбіміз балалардың тамақтануына жіті көңіл бөле бермейміз. Өзіміз жейтін тамақты балаларға береміз, дүкендерде өнімнің сапасына қарап жатпаймыз, тамақтану рационын білмейміз. Осының бәрі баланың денсаулығына, оның болашағына әсер етеді.
Қазақстандағы балалардың жартысынан астамы суық тию мен созылмалы аурулармен ауырады. Аурулардың арасында бірінші орында – жұқпалы аурулар: жөтел, тұмау. Кейінгі орындарда – ішек-асқазан мен көз аурулары. Мамандардың айтуынша, бұған себеп – қазіргі экологиялық ортада өскен өнімдердің сапасыздығы мен ата-аналар қадағалауының жоқтығынан. Әсіресе, тамақтану жүйесінің болмауы.
Ресей сарапшыларының айтуынша, баланың тамақтану тәртібі кішкентай кезінен бастап-ақ бұзылады екен. Бізде әрбір үшінші баланың денсаулығы нашар. Оған себеп – дұрыс тамақтанбау. Уақыттың тығыздылығын сылтау ететін көптеген ата-ана осыған мән бермейді. Бұл – үлкен қателік. Баланың тамақтануына аса мұқияттылықпен қарау керек. Мәселен, сәби туылған сәттен бастап, ананың табиғи сүтімен қоректенгені дұрыс. Бірақ кей жағдайларда ананың сүті құнарсыз болып, тіпті шықпауы мүмкін. Осы кездерде «табиғи тектес» деп аталып жүрген, құрғақ сүттер пайдалануда, бірақ оларды көп пайдалануды азайтқан жөн. Себебі онда ана сүтінде болатын дәрумендер аз, сондай-ақ құрғақ сүт бәрібір табиғи сүттің орнын толтыра алмайды. Оларды таңдағанда да аса мұқиятпен көру қажет. Қазіргі нарықта отандық өндірушілердің құрғақ сүттері сапалы болып саналады. Кішкентайынан (2-3 айлығынан) қанты бар тәттілермен еркелету болашақта қант диатезін тудыруы мүмкін. Сондықтан одан аулақ болған абзал.
Баланың тұрақты тамақтану режимі қандай болу керек?
Жасы өскен сайын баланың энергетикалық қажеттілігі көбейеді, ағзаның қалыптасу кезеңдері басталады. Ересек баланың тұрақты асы – ботқа болуы керек. Дәл осы кеңесті біздің педиатрлармен қатар, Ресей және Еуропаның дәрігерлері айтуда. Бүгінде таңертеңгі асты көптеген балалар ішпейді. Тәбеті жоқ деп ата-аналар да көңіл бөлмейді. Бұл да дұрыс емес. Бұл организмнің тепе-теңдігін сақтамайды. Сонымен қатар физикалық күшті әлсіретіп, ойлау қабілетіне кері әсер етеді. Ата-аналардың өздері таңертеңгісін ештеңе ішпей шықса, онда бала да тамақ ішу керектігіне сенбейді. Сондықтан жеке үлгінің өзі балалар үшін аса маңызды. Жанұямен бірге толық түрде ластанудың өзі бір өнеге. Ал күнделікті жеңіл-желпі тамақтану, бутербродтар, тәттілер мен лимонад сусыны соншалықты тойымды, пайдалы емес, керісінше, тәбетті құртады.
Күріш, бидай, тары, т.б. даярланатын ботқалар әрдайым құнарлы әрі өсу мен жетілуде аса үлкен орын алады. Онымен қоса, жұмыртқа, сүт өнімдерін де беруге болады. Таңертеңгі ас сүтпен, шай немесе какаомен ішіледі. Кейде таңертең тамақ немесе шай ішпесек, басымыз ауырып, әлсізденеміз. Сондықтан таңертеңгі астың да өз орны бар. Ол күнімізді сенімді, көңілді бастауымызға әмір етеді.
Ал түскі аста бірнеше тағам болғаны абзал: көже, сорпа, ет, балық секілді. Балық пен еттің гарниріне көкөністер, макарон салуға болады. Ал біздің түскі астарымыз көбінесе макарон өнімдері болып жүр. Одан да бас тарту керек. Себебі үнемі ұн тағамдарын пайдалану ағзадағы калорияны әрі холестерин мөлшерін көбейтеді. Түскі ас барлық тамақтанудың ішінде ең маңыздысы. Түскі ас тойымдылығымен және пайдалылығымен ерекшеленеді.
Түстікке (16:00 шамасында) печенье, құймақ, тоқаштар, зефир, мармелад ұсынуға болады. Кисель, айран, сусын ретінде беруге болады. Түстік түскі ас пен кешкі ас арасында жалғау болып табылады.
Answers & Comments

.