Театр –өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз
алдында актерлер күшімен бейнелейтінсахналық өнердің бір түрі. «Театр» –
көне грек сөзі. Ана тілімізге аударсақ, «көретін орын» деген қарапайым
мағына береді. Ең алғаш театр өнер ордасы болып Ежелгі Грекияда
қалыптасты. Сахналық өнердің комедия және трагедия жанрлары да сол
дәуірден бастау алады. Эллада елінің әртістері қолданған маскалар театр
символына айналды.
Қазақ театрының тарихы ХХ ғасырдың 14-15 жылдарынан басталады. Сол
жылдары ана тіліміздегі алғашқы драмалық туындылар жазылып, әуесқой
әртістердің күшімен сахнада қойылды. 1917 жылы маусым айында Ойқұдық
жайлауында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) Мұхтар
Әуезовтың «Еңлік-Кебек» трагедиясы алғаш рет сахналанды. 1918-24
жылдары Ақмолада, Көкшетауда, Орынборда, Шымкентте көптеген
драмалық үйірмелер ұйымдастырылды. Ал тұңғыш кәсіби театрымыз 1925
жылы Қызылорда қаласында ашылды. 1928 жылы өнер ордасы жаңа астана –
Алматыға қоныс аударып, Қазақ мемлекеттік драма театры атанды.
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
2-тапсырма. Оқыған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Театр деген не? Мағынасы қандай?
2. Театр ең алғаш қайда ашылған?
3.Қазақ театрының тарихы қай уақыттан басталады?
4. Қай спектакль, қай жерде және қашан алғаш рет сахналанды?
5. Тұңғыш театрымыз қашан және қай жерде ашылды?
6. Қазақ мемлекеттік драма театры қашан ашылды?
3-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз.
дұрыс дұрыс емес
Театрда ойын-сауықтан басқа драмалық шығармалар, мәдени шаралар да
өтеді.
Театр ең алғаш Германияда ашылған.
ұжымының шеберлігі шыңдалып, күрделі классикалық туындыларды
игергендігінің дәлелі болды.
6-тапсырма. Мәтін бойынша диалог құраңыз.
7-тапсырма.Мәтіндегі туындыларды,театрының,драмаларын сөздеріне
морфологиялық талдау жасаңыз
Бекіту:Тест тапсырмаларын орындаңыз.
1.Қазақтың тұңғыш театры қай қалада ашылған?
a) Қызылорда
b) Алматы
c) Астана
d) Тараз
2. «Еңлік-Кебек» пьесасын жазған кім?
a) М.Әуезов
b) М.Қаратаев
c) Е.Брусиловский
d) А.Құнанбаев
3. Өнер ордасы қай жылы жаңа астана – Алматыға қоныс аударды?
a) 1925жылы
b) 1928жылы
c) 1929 жылы
d) 1932 жылы
4. Қазақ театрының тарихы қай уақыттан басталады?
a) ХХ ғасырдың 16-17жылдарынан
b) ХХ ғасырдың 17-18жылдарынан
c)ХХ ғасырдың 13-14жылдарынан
d)ХХ ғасырдың 14-15 жылдарынан
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
1. Театр - өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін сахналық өнердің бір түрі. "Театр" – көне грек сөзі. Мағынасы - «көретін орын» дегенді білдіреді
2. Театр ең алғаш Ежелгі Грекияда қалыптасқан.
3. Қазақ театрының тарихы ХХ ғасырдың 14-15 жылдарынан басталды.
4. 1917 жылы маусым айында Ойқұдық жайлауында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» трагедиясы алғаш рет сахналанды.
5.Еліміздегі тұңғыш театр 1925 жылы Қызылорда қаласында ашылды.
6. Қазақ мемлекеттік драма театры 1928 жылы Алматыда ашылды (Қызылорда қаласынан қоныс аударды).
3 тапсырма.
1. Театрда ойын-сауықтан басқа драмалық шығармалар, мәдени шаралар да өтеді. (дұрыс)
2. Театр ең алғаш Германияда ашылған. (дұрыс емес)
1.Қазақтың тұңғыш театры қай қалада ашылған?
a) Қызылорда
2. «Еңлік-Кебек» пьесасын жазған кім?
a) М.Әуезов
3. Өнер ордасы қай жылы жаңа астана – Алматыға қоныс аударды?
b) 1928жылы
4. Қазақ театрының тарихы қай уақыттан басталады?
d)ХХ ғасырдың 14-15 жылдарынан