ТЕКСТ ЗАДАНИЯ
ОҚЫЛЫМ
Мәтінді оқып, тапсырмаларды орында
Абай (ИбраҺим) Құнанбайұлы - ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор. Ол 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медреседе оқиды.
Абай әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Абай көп оқыған, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Физули ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс тілін өздігінен үйреніп, ұлы Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды.
Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғұтыры» өлеңдері тамаша табиғат лирикасына жатады.
Абай - қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл, философы. Ол қазақ тілінде көптеген өлеңдер мен дастандар, басқа да философиялық шығармалар жазды. Өлеңдері халықты өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін махаббат өлеңдері болып келеді.
Ақын 1904 жылы туған жерінде қайтыс болды. Сүйегі Жидебай деген жерге қойылды. Қазір сол Жидебайда ақынның өзі тұрған үйде әдеби-мемориалдық мұражайы бар. Жер бетіндегі барлық қазақ қауымы өздерінің ұлы Абайымен мақтанады.
1-тапсырма: сұрақтарға жауап бер
1. Абай Құнанбайұлы кім?
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
2. Абайдың әжесі, шешесі, әкесінің есімдері кім?
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
3. Абайдың қандай өлеңдері табиғат лирикасына жатады?
___________________________________________________________________________
4. Абай қай жылы қайтыс болды?
___________________________________________________________________________
ПОМОГИТЕЕЕЕЕЕ СРРООООООООООООЧНООООООООООООООО ПЖ ПЖ SOS SOS HELP HELP!!!
Answers & Comments
Ответ:
1)Абай-,ақын,қазақтың ұлы жазушысы,қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл, философ.
2)Анасы-Ұлжан,Әжесі-Зере,Әкесі-Құнанбай
3)Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғұтыры» өлеңдері тамаша табиғат лирикасына жатады.
4)Ақын 1904 жылы туған жерінде қайтыс болды.
Объяснение:
дұрыс