Уақыт болса зымырап бір-біріне ұқсамай өтіп жатыр. Ол ешқашан тоқтап тұрмақ емес. Бір данышпанның мынандай бір қанатты сөзі бар: «Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күн белгісіз. Сондықтан бүгінгі күннің құны мен қадірін біл». Расында да, біз өтіп жатқан уақыттың құнын біле бермейміз. Көбінесе, уақыт өтіп кеткеннен кейін ғана «аһ» ұрамыз. Демек, уақыт - адам баласына берілген өткінші бағалы зат. Уақыт қайта айналып келмейді. Кейде бір-бірімізді адам басынан өткен қиыншылықтарын ұмыту үшін де «уақыт- емші» деп жұбатып жатамыз. Шынымен де уақыт өте келе, бәрі де ұмытылады,бірақ еске алған кезде жаныңды ауыртатыны хақ.
Халқымыз уақытты дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан да оны алтынға балайды. Алтының әзірше өзіңде. Оған басқалар көз салмасын десең, дұрыстап сақта. Уақытты көбінесе жаман әдеттер мен қылықтар құртады. Мысалы, жаман әдетке құмар адам уақытын тек осы жолға арнайды. Мақсатсыз қыдырымпаз адам уақытты тек бос сенделумен өткізеді. Құмар ойнағыш уақытын ойынмен толтырады. Ал өзің алтын уақытыңды қалай өткізудесің? Барлық нәрсе уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке еш жете алмайды. Уақыттың қадірін бағалай білу керек.
Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, тіпті бір секунттың да өзіндік құны бар. Осыны түсіне біліңдер!
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение:
Пжж можно хороший ответ