выпишите из текста 10 словосочетаний
Қазақстан- көп ұлтты егеменді мемлекет. Халқының саны -17 миллионнан асады. Археологтардың айтуы бойынша Қазақстан жерін алғашқы адамдар бұдан 300 мың жыл бұрын мекендеген. Қазіргі Қазақстанның 14 облысында 130 ұлттың өкілдері тұрады.
Қазақстан- батысында Каспий ойпаты, шығысында Алатау тауларына дейін 3000 шақырымға, солтүстігінде Батыс Сібір, оңтүстігінде Тянь –Шань шыңдарына дейін созылып жатыр.Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады.
Қазақстан аумағы 2724,9 мың км²-ге тең. Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Қазақстан шұғыл континенттік климатымен көзге түседі. Қазақстан аумағы табиғатының бір шетінің, екінші шетінен айырмашылығы үлкен. Мысалы, оңтүстіктегі тау етектерінде шие мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық, қарлы боран соғып тұрады. Қазақстан жерінде қатаң Сібір мен қапырық Орта Азия тоғысып жатқандай. Географиялық орнына қарай республика жерінде орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Республиканың батыс шеті (46°30' ш.б.) Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87°20' ш.б.) Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді. Ендік бойымен батыстан шығысқа қарай, материк ішіне енген сайын, климаттың континенттігі арта түседі. Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығыс таулы өңірлерінде ландшафттардың күрделене түсетін алуан түрлі биіктік зоналары байқалады. Қазақстанның географиялық орнына байланысты барлық өңірлерінде жылдың төрт мезгілінің ауысуы айқын байқалады. Қазақстан Каспий теңізіарқылыӘзірбайжан,Иранелдеріне, Еділ өзені және Еділ - Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Еліміздің көп бөлігі жазық, үстіртті болып келеді. Ол алуан түрлі шаруашылық жұмыстарын дамытуға мүмкіндік береді.Ауыл шаруашылығы өндірісі орналасуының табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторларын, оның жеке елдер мен аудандарда даму жағдайлары мен зерттелген.Ауыл шаруашылығы өндірісі аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің баска салаларымен өзара байланысты. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында жоғары маманданған кәсіпорындар мен ауылшаруашылың аудандары көбеюде. Географиялық еңбек бөлінісі нәтижесінде тауарлық қатынастардың кең етек алуы, өндірістің көлік және жоғары технологиялық жетістіктерімен қамтамасыз етілуі, ауыл шаруашылығының жекелеген ел шеңберінен шығып, ғаламдық деңгейге көтерілуіне себепші болып отыр.
Answers & Comments