zf6f27jbra
Жылдар аралығындағы айтулы жетістіктерінің бірі ол еліміздің жаңа ордасы Астананың салынуы болды. Жаңа Астана халқымыздың тарихындағы жаңа қоғам, экономика құруға және жаңа белестерді бағындыруға жол ашты.
Әрине, бүгін Астананың республикамыздың басқа өңірлерімен салытырғанда көптеген ерекшеліктері бар. Олардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі ол Астананың еліміздің ортасындағы ыңғайлы коммуникация, көлік, темір және әуе магистральдары тоғысқан географиялық орталығында орналасуы. Сонымен қатар, бас қаламыз келекшекте өзінің дамуы мен құрылысы үшін қажетті ресурстар мен бос жер көлемдеріне ие. Осыған қоса, Астанада адами және өнеркәсіптік әлеует де үстем.
Әлемдегі басқа астаналармен салыстырғанда, біздің Астанамыз дамуын енді бастап келе жатырған жас қала. Алайда, Қазақстанның келешегі еліміздің ордасы Астанамен байланысты болатындығы күмән келтірмейді.
Бүгін Астана Дүниежүзілік астаналар ассоциациясы мен ТМД елдеріндегі ірі қалалар атты ерікті әрі бейкоммерциялық ұйымдардың мүшесі. Олардың басты мақсаты – ТМД елдеріндегі ірі қалалардың атқарушы және өкілетті биліктерінің арасындағы өзара бірлескен шешімдер мен шараларды қабылдап, әлеуеттік – экономикалық дамуға серпін беру.
Осы жылдарда Астананың сыртқы экономикасы бірнеше рет өсіп, қаланың сауда және экспорттық мүмкіндіктері де артқан. Оның дәлелі ретінде статистикаға сәйкес қаланың сыртқы сауда айналымының тұрақты түрде өсуін айтуға болады.
Answers & Comments