Қазақстанда тұратын немістердің
өз араларында тойлайтын ұлттық
мейрамдары бар.
Мысалы, аптаның соңғы күндерінде
«ата-аналар күні» деп аталатын
мейрамын тойлайды. Қайтыс болған
кісілердің аруақтарына бағыштап түрлі
тәтті тоқаштар мен бәліштер пісіріп,
туыстарына таратады.Жаз айының 24 жұлдызында Иванов
күнін атап өтеді.Бұл мейрамда
иониттер мен мальталық серілер
лаулатып алау жағып, бір-бірінің
қолдарынан ұстасып отты айнала
алуан ойын-сауық құрады.Лаулап
жанған отты үш рет айналып,
малдарын айдап өткендер бақытқа
кенеледі деген сенімді ұстанады.Оттан
қалған шоқты мал қораға шашудың
мақсаты малды, малшыларды
жамандықтан қорғау болып табылады.
Қазақстандағы немістер әлі де шіркеуәулиелеріне табынып келеді.
Мұсылман елдеріндегі күзде
тойланатын «сабан тойына» ұқсас
немістерде әр науқан аяқтала келе
мереке жасайды. Сондай-ақ, жаңа
жыл шыршасын әсемдеуге еліміздегі
немістердің балалары да атсалысып,
ерекше мән береді. Мейрам
барысында үлкен-кіші жайнаған
дастарқан басына түгел жиналып,ән
айтып, би билеп, ойындар ойнайды,
бір-біріне сыйлықтар ұсынады. Бұл
балаларды ізгілікке, шеберлікке
үйретудің халықтық дәстүрі.
Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.
Answers & Comments
Қазақстанда тұратын немістердің
өз араларында тойлайтын ұлттық
мейрамдары бар.
Мысалы, аптаның соңғы күндерінде
«ата-аналар күні» деп аталатын
мейрамын тойлайды. Қайтыс болған
кісілердің аруақтарына бағыштап түрлі
тәтті тоқаштар мен бәліштер пісіріп,
туыстарына таратады.Жаз айының 24 жұлдызында Иванов
күнін атап өтеді.Бұл мейрамда
иониттер мен мальталық серілер
лаулатып алау жағып, бір-бірінің
қолдарынан ұстасып отты айнала
алуан ойын-сауық құрады.Лаулап
жанған отты үш рет айналып,
малдарын айдап өткендер бақытқа
кенеледі деген сенімді ұстанады.Оттан
қалған шоқты мал қораға шашудың
мақсаты малды, малшыларды
жамандықтан қорғау болып табылады.
Қазақстандағы немістер әлі де шіркеуәулиелеріне табынып келеді.
Мұсылман елдеріндегі күзде
тойланатын «сабан тойына» ұқсас
немістерде әр науқан аяқтала келе
мереке жасайды. Сондай-ақ, жаңа
жыл шыршасын әсемдеуге еліміздегі
немістердің балалары да атсалысып,
ерекше мән береді. Мейрам
барысында үлкен-кіші жайнаған
дастарқан басына түгел жиналып,ән
айтып, би билеп, ойындар ойнайды,
бір-біріне сыйлықтар ұсынады. Бұл
балаларды ізгілікке, шеберлікке
үйретудің халықтық дәстүрі.