Теңеу (орысша сравнение) – заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу. Оның жасалу жолдары: -дай, -дей жұрнақтары арқылы, «секілді, сияқты» деген шылаулармен, «ұқсап, құсап» деген сөздер арқылы жасалады.
Answers & Comments
Verified answer
Ертегі кейіпкерлеріне сәйкес келетін теңеу сөздер:
"Алладин" мультфильміндегі Жын : Атымтай Жомарт секілді қайырымды,көңілі күндей,денесі аспандай көк,аюдай аңқау.
"Қар ханым" мультфильміндегі Қар ханым : қардай аппақ,борандай күшті,жүрегі мұздай.
"Құйыршық" мультфильміндегі Құйыршық : бойы алақандай,түлкідей айлакер,күлкісі бұлақтың сылдырындай.
"Қаңбақ шал" мультфильміндегі Дәу : денесі таудай,қояндай қорқақ,ақылы есектікіндей.
"Алтын сақа" мультфильміндегі Мыстан кемпір : түлкідей қу,жауырыны қақпақтай,тістері пышақтың жүзіндей.
Қосымша: