Болжалдық сан есім (приблизительные числительные) заттың санын дәл
білдірмей,шамамен болжап көрсетеді.Қанша?неше?қай шамасы?қаншадан сұрақтарына
жауап береді.Болжалдық сан есімдер мына жұрнақтар арқылы жасалады:-даған-
деген,таған-теген,-лаған-леген;дай-дей,тай-тей; дап,-деп-тап-теп-лап-леп.
Мысалы:жүздеген,елудей,қырықтай,сексендей.
Есептік сан есімдеге шамалы,шақты,таман,тарта,жуық,жақын,қаралы сөздерінің тіркесуі
арқылы жасалады.Мысалы: жүзге жуық,онға тарта.
Бөлшектік сан есім (дробные числительные)заттың бөлшектік санын білдіреді.Бөлшектік
сан есімдер жай бөлшек және ондық бөлшек болып қолданылады.Бөлшектік сан есімдер
бірінші санға шығыс септік немесе ілік септігі,екінші санға тәуелдік жалғауы жалғану
арқылы жасалады.Мысалы: екіден бір,үштің бірі,төрттен.
Ондық сан есімдерге бүтін сөзі қойылып айтылады. Мысалы:екі бүтін төрт ондық.
Қазақ тілінде бөлшектік сан есімдер жарты,жарым,ширек сөздерінің тіркесуі арқылы
жасалады. Мысалы: үш ширек,сегіз жарым.
2-тапсырма. Сан есімдерді екі бағанға бөліп жаз.Пишите числительные два столбик.
Оннан бір,қырықтаған,ширек ғасыр,мыңға жуық,жүздей,бір жарым,екі бүтін оннан
бес,үштен бірі,он шақты,төрттен екісі,алпыс шақты,алпысқа тарта,елу-алпыс.
Болжалдық сан есім Бөлшектік сан есім
Дескриптор
-бөлшектік сан есімдерді біледі;
-болжалдық сан есімдерді біледі;
-сан есімдерді ажырата алады.
3-тапсырма.Менің қалта шығыным тақырыбында диалог құраңыз.
/Составьте диалог на тему «Мои карманные расходы»
Дескриптор
-тақырып бойынша сұхбат құрады;
-жазу сауаттылығын сақтайды.
Answers & Comments
Ответ:
2 тарсырма.
Болжалдық: қырықтаған, елу-алпыс, алпысқа тарта, мыңға жуық, жүздей, он шақты, алпыс шақты.
Бөлшектік: Оннан бір, ширек ғасыр, бір жарым, екі бүтін оннан бес, үштен бірі, төрттен екісі.